$ 494.87  520.65  4.91

Қытай шекарасын тағы бір жылға жабады

Елдің Денсаулқ сақтау министрлігі мұндай шешімге жаһандық індет жағдай және вирустың жаңа штамдарының көбеюі себеп болғанын атап көрсеткен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қытай үкіметі коронавирус інтетіне байланысты шекаралық шектеулерді тағы бір жылға ұзартуға шешім қабылдады. Елдің Денсаулқ сақтау министрлігі мұндай шешімге жаһандық індет жағдай және вирустың жаңа штамдарының көбеюі себеп болғанын атап көрсеткен.

Қытай қатаң карантиндік шаралар арқылы індетке қарсы нәтижелі күрес жүргізген ел ретінде аталады. Елде ресми статистика бойынша 91 мың 600-ден астам адам індетке шалдығып, 4 мың 636 адам көз жұмған. Дегенмен, кейбір елдер тарабынан Қытайдағы індетке қатысты статистикаға сын-пікірлер айтылып келеді.

Осы аптаның алғашқы күнінде елде індет жұқтырған 25 науқас анықталып, кейбір жерлерде шектеу қайта күшейтілді. Анықталған науқастар арасында вирустың жаңа штамдары бар екені де айтылуда. Қытай қазір ел азаматтарын жаппай емдеуден өткізіп жатыр.

Халық санының көптігіне байланысты жаппай вакцинация ел азаматтарының басым көбін қамти алмай отыр. Қытай қазірге дейін 1 млрд 50 млн вакцина дозасын өндірген. 

qazaqtimes.com

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары