$ 447.4  477.55  4.76

«Байқоңырды» Ресейге жалға беру уақыты ұзарады: Тоқаев заңға қол қойды

Президент қол қойған түзетулер «Байқоңыр» кешенін жалға беру мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңырды» жалға беру шартына Ресейге ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

Президент қол қойған түзетулер «Байқоңыр» кешенін жалға беру мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжаттарда тараптардың халық пен аумақ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері жазылған. Сонымен қатыр, Сенатта заңдар бұрын алынған міндеттемелерді үйлестіруге, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретіні айтылған болатын.

Қазақстан бюджетіне «Байқоңырды» пайдаланғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар мөлшерінде жалдау ақысы түседі. 27 жылы ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары