$ 448.15  483.46  4.86

Президент шенеуніктерді қысқартып жатыр

Еске салайық, Қырғызстан билігі билік органдарын қысқартуға жыл басында кірісті.
фото: news.myseldon.com
фото: news.myseldon.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекет аппаратындағы шенеуніктерді қысқарту туралы жарлық қабылдады деп жазды malim.kz.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім атқарушы биліктің басқару әдісін жетілдіру, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылданған.

Құжатқа сәйкес, президент әкімшілігінің, министрліктердің, комитеттердің, әкімшілік мекемелердің, басқа да атқарушы билік органдарының штаттағы қызметкерлері 30 пайызға қысқартылады.

Бұған қоса президент Жогорку Кенешке парламент аппаратындағы қызметкерлерді отыз пайызға қысқартуға кеңес берген. Жергілікті атқарушы биліктер де қызметкерлерін отыз пайыз қысқартуы тиіс.

Еске салайық, Қырғызстан билігі билік органдарын қысқартуға жыл басында кірісті. Мәселен, министрліктер, комитеттер және агенттіктер 48-ден 12-ге қысқарды.

2020 жылғы қарашадағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 28 мың мемлекеттік қызметкер болған. Олардың айлығына жыл сайын 48 млрд сом бөлінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары