$ 447.4  477.55  4.76

Илья Ильин әкім болғысы келетінін айтты

Бағдарламада жуырда болатын ауыл әкімдерін сайлау талқыланды.
фото: paryz.kz
фото: paryz.kz

Белгілі қазақстандық ауыр атлет, қазіргі уақытта Қызылордадағы Мұз сарайының жетекшісі Илья Ильин "Жетінші арнаның" "Студия 7" бағдарламасында қонақ болып, өзінің жоспарлары туралы айтты деп жазды kaz.nur.kz.

 Бағдарламада жуырда болатын ауыл әкімдерін сайлау талқыланды. Танымал адамдардың мұндай лауазымға тағайындалуға мүмкіндігі бар ма деген сұрақ та көтерілді. Жүргізуші Илья Ильиннен ауылдың, ауданның немесе қаланың басшысы болуға қалай қарайтынын сұрады.

"Әрине, мен мансабымды аяқтар шақта барлығын ой елегінен өткіздім. Басқа жоспарларды былай қойғанда, мемлекеттік қызметкер, әкім, депутат болу туралы ой болды. Бірақ маған тәжірибе керек деген ойға келдім. Сөйтіп, бұл қызметтерді 42-43 жасыма дейін ысырып қойдым. Алдымен өзімді зерттеп, тәжірибе жинап алайын, адамдарға білгенімді үйретейін, содан кейін барып, бәлкім әкім болуым мүмкін", – дейді өзінің жоспарларымен бөліскен спортшы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары