$ 447.4  477.55  4.76

«Елде төтенше жағдай жариялау керек!» - Мұхтар Тайжан

Керек кезде мемлекет банктерге, құрылыс компанияларына миллиардтаған доллар беріп, құтқарып қалады, бірақ қазір миллиондаған ауыл тұрғынын құтқару керек!
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан кеше әлеуметтік желіде Алматы облысының Кеген ауданына бара жатқанын хабарлаған. Ал бүгін ауылдың жағдайын айтып, дабыл қақты.

«Мен кеше ғана ауылға барып келіп, өте қорқынышты жағдайды көрдім.
Керек кезде мемлекет банктерге, құрылыс компанияларына миллиардтаған доллар беріп, құтқарып қалады, бірақ қазір миллиондаған ауыл тұрғынын құтқару керек!

Ауылда апатты жағдай қалыптасыпты. Жайылымдық жер онсыз да жетпейтін еді, құрғақшылық жығылған үстіне жұдырық болды. Маңғыстау мен Қызылордадағы мал жаппай қырылған жағдай еліміздің барлық өңірінде қайталануы мүмкін.

Бұл ауыл тұрғындарының хал-ахуалын күрт төмендетеді. Еттің бағасы өскенін бүкіл Қазақстан сезетін болады. Біз өте тосын әрі қауіпті жағдайдың алдында тұрмыз.
Елде төтенше жағдай жариялау керек. Малды жем-шөппен қамтамасыз ететін республикалық штаб құрған жөн. Бұл – нағыз төтенше жағдай! Әзірге мұны қала халқы сезе қойған жоқ, бірақ шұғыл әрекет жасамасақ, қалалықтар мұны міндетті түрде сезетін болады!

Керек кезде мемлекет банктерге, құрылыс компанияларына миллиардтаған доллар беріп, құтқарып қалады, бірақ қазір миллиондаған ауыл тұрғынын құтқару керек!», – деп жазды М.Тайжан.

nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары