$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ Қазақстаннан мыңдаған ауғанды қоныстандыруды сұрады

Блумберг агенттігінің мәліметінше, Вашингтон америкалық әскерлерді шығару аяқталғанға дейін Ауғанстандағы көмекшілерін Орталық Азияның үш еліне орналастырғысы келеді.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ауғанстаннан күштерді шығару аясында Қазақстаннан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан АҚШ-қа көмектескен 9 мыңға жуық ауғанды уақытша орналастыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Блумберг агенттігінің мәліметінше, Вашингтон америкалық әскерлерді шығару аяқталғанға дейін Ауғанстандағы көмекшілерін Орталық Азияның үш еліне орналастырғысы келеді.

АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстандағы әріптестерімен Вашингтонға осы елдердің аумағынан барлау операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін келісім жобасын талқылауда.

Бұған дейін New York Times газеті әкімшіліктің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ америкалық әскерлер шығарылғаннан кейін талибтердің ықтимал кек алуынан қорғау үшін америкалық әскери күштермен жұмыс істейтін мыңдаған ауғандықті басқа елдерге орналастыруға дайындалып жатқанын хабарлады. Бірақ билік бұл адамдардың кейіннен Америка визаларын алатынына кепілдік бермейді.

АҚШ әкімшілігі 1 мамырдан бастап 11 қыркүйекке дейін одақтастармен толық келісе отырып Ауғанстаннан әскерлерді шығаруды аяқтауға уәде берді. 2020 жылы Вашингтон мен "Талибан" қозғалысының өкілдері Дохада 18 жылдан астам соғыс уақыт ішінде бірінші рет бейбітшілік келісіміне қол қойды. Ол шетелдік әскерлерді Ауғанстаннан 14 ай ішінде шығаруды және тұтқындар алмасқаннан кейін ауғанаралық диалогтың басталуын көздейді.

“Бұған дейін АҚШ пен коалицияның барлық әскери күштері Ауғанстандағы ең ірі Баграм әуе базасынан кеткені белгілі болды, оны елдің қауіпсіздік күштері бақылауға алды”, – деп хабарлайды Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Фавад Аман.

Баграм базасы Кабулдың солтүстігінде орналасқан. Оны Кеңес әскерлері 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы кезінде қолданған, 2001 жылы АҚШ Ауғанстанға басып кіргеннен кейін ол америкалық күштердің негізгі базасына айналды.

“Жақында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен Ауғанстанды мәселесін талқылады”, – деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті Вашингтонда өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша.

Энтони Блинкен Тәжікстан СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

“Оның ішінде Ауғанстандағы әділ және ұзақ мерзімді реттеу экономикалық өсуге және аймақтағы интеграцияға ықпал ететініне келісті", – деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс келіссөздер қорытындысы бойынша.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Блинкенмен кездесу барысында Ауғанстандағы бейбіт жолмен реттеуді, оның ішінде "Ауғанстанмен тығыз саяси және экономикалық өзара іс-қимылды" қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары