Саясат 12.07.2021 сағат 17:20

«Йасауидың Зікір ғибадатын қолданысқа енгізу керек»: белгілі дінтанушы Тоқаевқа үндеу жолдады

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бұл халқымыздың адамзат өркениетінің келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.
«Йасауидың Зікір ғибадатын қолданысқа енгізу керек»: белгілі дінтанушы Тоқаевқа үндеу жолдады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасының
Президенті Қасымжомарт Тоқаевқа


АШЫҚ ХАТ
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!


Тағдыр бізді өте күрделі кезеңде өмір сүруге жазыпты. Адамзат баласының басына төніп келе жатқан қауіптің күн санап күшейіп келе жатқанына барлығымыз куәміз. Оның себебі, Жер планетасы кванттық өткелден өтуде. Жерге келетін микротолқындар жиілігі күн санап артып, жердегі болып жатқан түрлі табиғи апаттардың санының күн сайын артуына ықпал етуде. Бұл апаттардың алды біздің елімізге де келіп, халықты састыра бастағанын Өзіңіз де көріп отырсыз. Қазақ жерінің қанша жерін қуаңшылық жайлап, мал қырылып жатқаны да жалпы адамзат баласының басына түсіп отырған зауалдың бір парасы екендігін түсінуіміз керек. Мына әлем халқын дүрліктіріп отырған короновирус пандемиясы да сол апаттардың бір бөлшегі. Қазіргі күні сол короновирусқа қарсы вакцина салдырып бетін қайтарамыз деп адам баласы жанын салуда. Олардың ішінде біздің мемлекет те бар. Алайда, ол жасалып жатқан шаралардың ешқайсысы дұрыс нәтиже бермейді. Бірінің бетін қайтарса екіншісі шығады.\

Қазірдің өзінде ол кесел өзінің формасын өзгертіп, индиялық штамм деген атпен шығып жатыр. Демек, бұл апаттардың бетін ешнәрсемен қайтару мүмкін емес. Себебі, бұл күрделі табиғи құбылыстардың артында мына жарық дүниені жаратқан Ұлы Құдірет Иесінің қаһары жатыр. Өйткені, адамзат баласы өзінің кім екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын ұмытты. Алла мен адам рухы арасындағы байланыс үзілді. Адам баласы азғындыққа ұшырады. Жақсылық пен жамандықтың, адалдық пен арамдықтың, обал мен сауаптың арасын ажыратудан қалды. Кейбір қолына байлық пен билікті шоғырландырған топтар өздерінің қолына Құдайдың қызметін қолына ала бастады. Жер бетіндегі адам санын қолмен реттеуге әрекет етіп жатқаны, мына короновирус дертінің сол топтың жоспары арқылы дүниеге келгенінен бүкіл әлем халқы хабардар.

Осының барлығын көріп-біліп отырған Жаратушы Құдірет жәй бақылаушы болып қала алмайтыны анық. Өзінің үстін жайлаған адамзат баласының мұндай озбырлығын мына қасиетті Жер-Ана да көтере алмайтыны, сілкіп тастай салуы да қиын емес. Сондықтан бұл апаттан аман қалудың жалғыз жолы – ол Рухани  әлем мен адам баласы арасындағы рухани байланысты қайта қалпына келтіру. Адамзат баласының жүрегін жайлаған материалдық дүниеге деген құлдық психологиядан құтқарып, қайтадан адами болмысқа қайтару. Адамзат қоғамында қайтадан әділетті қоғамды орнату.

Олай болмайтын болса, онда мына адамзат баласы жер бетінен жойылатыны анық. Бізге дейін де қаншама өркениет келіп, кеткен болатын. Оған Атлантида, Нух пайғамбар кезеңдерін мысал ретінде айта аламыз. Біз де сондай кезеңнің біріне келіп тұрғанымыз анық. Оған Жер планетасының кванттық өткелден жаңа энергетикалық жилігі жоғары кеңістікке өтуі куә болады. Демек, дәл қазіргі күні әрекет жасап, адамзат өзінің рухының энергетикалық жилігін жаңа деңгейге көтеріп, санасы мен түпсанасында өзгерістер жасай алмайтын болса, онда адам баласы ары қарай өмір сүру мүмкіндігінен айырылады. Басқаша айтқанда, адам рухы мен Рухани әлем арасындағы байланысты қайта қалпына келтірілмейтін болса, онда адамзаттың ертеңі жоқ. Сондықтан қазіргі күні назарды Рухани әлем мен адамзат баласы арасындағы рухани байланысты қайта қалпына келтіруге аударуымыз қажет. Ол үшін қаражат та, күш те қажет емес. Ол үшін Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың Рухани әлеммен қайта байланыс орнату үшін қолданған Зікір ғибадатын «жария зікірді» қолданысқа қайта енгізу жеткілікті. Заманында Қожа Ахмет Йасауи бабамыз осы жария зікірді пайдалана отырып, Ислам әлеміндегі үзілген Рухани әлем мен адам рухы арасындағы байланысты қайта қалпына келтіріп, сол дәуірде адамзат басына төнген ақыр заман апатынан құтқарып қалған болатын. Йасауи бабамыздың сол Зікір ғибадаты бүгінгі күні де халқымызды адамзат баласының басына төніп келе жатқан мына ақырзаман апатынан құтқарып қалатынына сенімдімін. Сондықтан осы жария зікірді еліміздің барлық аймағында салуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Егерде осы жария зікір еліміздің барлық аймақтарында салынатын болса, онда ешқандай індет халқымызға зиян келтіре алмайды. Мына короновирустың өзі өздігінен жойылады. Ортағасырларда Қытайдан басталып, сонау Англияға дейін жеткен, жүздеген миллион адамның өмірін қиған оба дертін Йасауи жолының дәруіштері осы жария зікір күшімен Орталық Азиядан айдап шыққан болатын. Жария зікір өзінің сол құдіретінен бүгін де айырылған жоқ. Қазіргі күні қоғамда қарсылық туғызып жатқан жаппай вакцинациялау шарасының орнына осы жария зікірді пайдаланып, қоғамның саулығын сақтап қалу мүмкіндігі бар. Мен жария зікірдің ковидпен ауырғандар денсаулығына пайдасы барлығын өткен жылы көз жеткіздім. Эпидемия кезінде ЗООМ бағдарламасы арқылы жария зікір сабағын жүргіздім. Отызға жуық кісі қатысты. Көпшілігі жария зікірдің денсаулықтарына пайдасы болғанын хабарлады. Демек, жария зікірді ковид дертіне қарсы пайдалануға болады. Вакцинациялауды да толық доғармай,  халыққа еркіндік берілу керек. Қалағаны вакцина салдырсын, қалағаны жария зікір салып, өзінің рухани деңгейін көтерсін, жүрегін нұрландырсын. Бұл халқымыздың адамзат өркениетінің келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Менің бұл ашық хатта айтқандарым қиялдан шыққан сандырақ болып көрінуі мүмкін. Бірақ, қазіргі күрделі кезеңде мына бар жарық дүниені жаратқан Тәңір Тағалаға бет бұрып, еліміздің, жұртымыздың амандығын тілеп, жария зікір салар болсақ, Тәңір Тағала тілегімізді қабыл ететініне сенімдімін. Сізде сеніп, қолдау көрсетеді деген үміттемін!


Зікірия Жандарбек,
Йасауитанушы
Abai.kz
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар