$ 494.87  520.65  4.91

Біртановтың қанша уақыт үйқамақта отыратыны белгілі болды

Прокурордың айтуынша, бұл уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қажет.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін тағы 2 айға, яғни 14 қыркүйекке дейін ұзартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурордың айтуынша, бұл уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қажет. Сондай-ақ ол Біртановтың сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет өрескел бұзғанын еске салды. Және ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетке 1,5 млрд теңгеге залал келтірілгенін де айта кетті.

Еске салайық, 7 шілдеде Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары 133 томнан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары