Саясат 18.07.2021 сағат 12:40

«Мен сендер үшін ұяламын»: Санжар Боқаев Мамин үкіметінің тағы бір өтірігін әшкереледі

Үлкен өтірікті кішкентай суреттің астына жасыра алмайсыздар.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кәсіпкер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев Саран зауыты үшін «Қытайдан әкелінген автобустардың» видеосын жариялады. 

Кәсіпкер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстанға Қытайдан әкелінген автобустардың видеосын жариялады. Видео комментаторының айтуынша, олар кейіннен Саран зауытында өндірілген көлік ретінде берілетін болады.

«Міне, біздің Сарандық автобустарымыз Қытайдан келді. Made in Kazakhstan сияқты, қазақша бизнес. Енді олар стикерлерді жапсырады, дөңгелектерін бекітеді. Бұл біздің қазақстандық өндіріс», – деп түсіндіреді видео авторы.

Санжар Боқаев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа және Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Александр Лаврентьевке қарата былай деді:

«Неге сонда жасырынып, үндемей отырасыңдар? Міне, қазақстандық өндірістің автобустары Қытайдан қалай келетіндігі туралы тағы бір жаңа бейнежазба.

Мұны көзі қарақты, ел ертеңіне алаңдайтын тұрғындар түсіріп алып, маған жібереді. Үлкен өтірікті кішкентай суреттің астына жасыра алмайсыздар.

Мен сендер үшін, ел мүддесіне зиян келтіретін осындай жалған өндіріс үшін ұяламын», – деп түйіндеді ол.

“Мұншама ақша қайда кетіп жатыр?”. Кәсіпкер Құлыбаевқа шағым айтты

dalanews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар