Саясат 17.07.2021 сағат 12:41

Назарбаев металлургтерді мерекесімен құттықтады

Кезінде өзім де осы өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинағанымды мақтан тұтамын. Менің кейінгі қызмет жолымда оның пайдасы тиді, деді Елбасы.
Назарбаев металлургтерді мерекесімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Еlbasy.kz сайты. 

"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Металлург күнімен құттықтаймын!

Металлургия - ұлттық экономиканың басты саласының бірі, мұнда өз ісіне шын берілген, қажыр-қайраты мол, жауапкершілігі жоғары жандар еңбек етеді.

Бұл - адамның мінезі мен ерік-жігері шыңдалатын, мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен қайсарлығы қалыптасатын жер.

Кезінде өзім де осы өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинағанымды мақтан тұтамын. Менің кейінгі қызмет жолымда оның пайдасы тиді.  

Металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

Сіздер өз жұмыстарыңыз арқылы Қазақстанның экономикалық әл-ауқатының артуына сүбелі үлес қосып келесіздер.

Қажырлы еңбектеріңіз бен асқан шеберліктеріңіз алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне септігін тигізе беретініне сенімім зор.

Сіздерге мол табыс, дендеріңізге саулық және бақ-береке тілеймін!", - делінген Елбасы құттықтауында. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар