02.08.2021, 18:00

Солтүстік Қазақстанда аудан әкіміне ақшалай өндіріп алу жазасы берілді

Бұл жаза бөлім басшысы міндетін атқарушыға да қолданылды.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ЖШС жер комисиясының іс-әрекетіне дау айту туралы әкімшілік іс бойынша алдын ала тыңдауда аудан әкіміне және мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлғаға ақшалай өндіріп алу қолданылды деп жазды Azattyq Rýhy.

Ақшалай өндіріп алуды қолдануға  сотқа талап бойынша жазбаша қарсылықтың және уақытша өтеулі жерді пайдалануға (жалдауға)  құқық беру бойынша конкурстың материалдарын ұсынбау негіз болды.

«Аудан әкіміне ақшалай өндіріп алуды қолдануда сот  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес әкім әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде басшылық және бақылау жүргізетін лауазымды тұлға болып табылатындығын ескерді», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлғаға сотпен оның мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді тікелей орындау жүктелгендігі назарға алынды.

2021 жылдың 28 шілдедегі сот ұйғарымымен  лауазымды тұлғалардың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Тегтер: әкім СҚО