$ 494.87  520.65  4.91

Түркия СІМ қазақ бауырларына алғыс білдірді

7 тамызда ҚР СІМ парақшасында Түркияға Қазақстанның көмек жібергені туралы хабарланды.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға өртті сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ризашылық лебізі түріктің құзырлы ведомствасының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Түрік СІМ басшысы Мәуліт Чавушоғлы.

Айта кетсек 7 тамызда ҚР СІМ парақшасында Түркияға Қазақстанның көмек жібергені туралы хабарланды. "Қазақстан Президенті @TokayevKZ тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін #Түркия'ға жіберді", делінген жазбада.

Айта кетсек 7 тамызда ҚР СІМ парақшасында Түркияға Қазақстанның көмек жібергені туралы хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көмек #Түркия