ҚР Қаржы министрлігі бизнесті бейімдеу үшін темекі мен алкоголь өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаны енгізген алғашқылардың бірі болды, деп хабарлайды деп хабарайды Azattyq Rýhy.
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, темекі бойынша пилоттық жоба 2018 жылдың 1 қазанында басталып, 2020 жылдың 31 наурызында аяқталды, ал алкоголь өнімдері бойынша 2019 жылдың 1 маусымында басталып, 2021 жылдың 1 қазанында аяқталады.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл таңбалау механизмі – заңсыз трафикпен күресудің тиімді және дәлелденген әдісі және Еуропалық Одақ, Түркия, Бразилия және т.б. елдерде белсенді түрде қолданылып келеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімі бойынша елдер бұл тауарларға міндетті таңбалауды ұлттық заңнамаларға сәйкес дербес түрде енгізеді. Пилоттық кезеңде ақпараттық жүйе мен таңбалаудың қолданылатын механизмдерінің орындылығы бизнес қауымдастықпен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП алаңында алдын ала талқыланып тексерілді», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кету керек, Үкімет қаулысымен тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы ретінде «Қазақтелеком» АҚ белгіленді.
«Қазір таңбаланған темекі өнімдері мен алкогольдік сусындар жаңа құбылыс емес. 20 жылдан астам уақыт бойы олар қағаз маркаларымен (акциздік маркалармен және бақылау маркаларымен) белгіленді. Ел тек акцизделетін өнімнің құнын төмендететін цифрлық форматқа көшуде», - делінген хабарламада.
Ескеретін жайт, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекіге, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап темекі өнімдерінің басқа түрлеріне міндетті таңбалау енгізілді. Қазақстан аумағында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін барлық темекі цифрлық маркалармен таңбаланған. Сонымен бірге, салық заңнамасына сәйкес өндірушілердің шығындары амортизациялық төлемдер арқылы төленетін салықтан шегерілу мүмкіндігі қарастырылған.
Темекі өнімдерін сататын бөлшек саудагерлерге, оның ішінде «үй жанындағы» дүкендерде сату үшін қымбат жабдықты сатып алудың қажеті жоқ. 2D сканерлерге балама болып табылатын «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын орнату жеткілікті.
Егер сатушы өнімді сатудың үлкен көлеміне тап болса, ол 2D сканерін сатып ала алады. Бүгінде оның бағасы 25 мың теңге шамасында. Кәсіпкерлердің қосымша шығындары болмайды. Тауардың басқа түрлері үшін, мысалы, сүт өнімдері, қант қосылған сусындар және т.б. пилоттық жобаларды салалық министрліктер жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі оларға бақылау және әкімшілік шараларды қолданбайды.