13.08.2021, 15:40

Елімізде жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды

Фото:primeminister.kz
Ол еңбек жолын 2000 жылы Салық комитетінің Талдықорған қаласы бойынша заңды тұлғалардың салықтық тексеру секторында салық инспекторы болып бастаған.

Данияр Жаналинов Қазақстанның қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Салық комитетінің Талдықорған қаласы бойынша заңды тұлғалардың салықтық тексеру секторында салық инспекторы болып бастаған.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде әр түрлі қызметтерді атқарды.

2008-2010 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2014-2018 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы.

2018 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы лауазымын атқарған.