15.08.2021, 22:24

«Спорт федерацияларын олигархтар мен шенеуніктер басқарғаннан еш зиян жоқ» - Қожағапанов

Біріншіден, олар өз қаржатын салады. Көп мән береді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағаппанов елдегі спорт федерацияларын олиграхтар басқарғаннан еш зиян жоқ деп есептейді. Бұл туралы ол 13 тамыз күні Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты өткен брифинг кезінде айтты.  

– Спорт федерацияларын біздің кәсіпкерлер басқарғаннан ешқандай зиян жоқ. Біріншіден, олар өз қаржатын салады. Көп мән береді, – деді вице-министр. 

Оның айтуына қарағанда, спорт федерациялараның президенті сайлау арақылы таңдалады. 

– Федерация төрағаларын қоғам тағайындайды. Сайлау болады. Сайлауға бүкіл облыс федерациялары қатысады. Кандидаттар өз бағдарламаларын түсіндіріп береді. Сайлау нәтижесінде әр федерацияның басшысы тағайындалады, – деді Қожағаппанов.

Бұған қоса, ол спорт комитеті федерациялардың барлығымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 

– Спорт коммитетінің федарациялармен қарым-қатынасы өте тығыз. Күнде сөйлесіп тұрады. Ай сайын тыңдау жасайды. Федерациялар бізге келеді. Біз қандай процес болып жатқанын, әсіресе, спорт жарыстарының күнтізбесін қараймыз. Қаржат мәселелерін қараймыз. Бәрін бақылауда ұстаймыз, – деді Қожағаппанов. 

Ал 12 тамызда берген сұхбатында бокс федерациясының вице-президенті, бокстан Афина олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев спорт комитеті мен спорт федерациялары арасында тығыз байланыс жоқ екенін айтқан. Қазақстандағы спорт федерацияларының біразын өзге саладағы шенеуніктер мен олигартар басқарады. 

Мысалы, Ұлттық олимпиада коммитетінің төрағасы – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев, бокс федерациясының президенті кәсіпкер Кеңес Рақышев, күрес федерациясының басшысы "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның экс-төрағасы Сауат Мыңбаев, дзюдо федерациясының президенті сенат депутаты Қайрат Қожамжаров, жеңіл атлетика федерациясының президенті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, волейбол федерациясының президенті ҰҚК-нің экс-төрағасы Нұртай Әбіқаев. 

Спорт федерациялараның барлығына дерлік жоғары биліктегі шенеуніктер және олигархтар басшылық ететін Қазақстан Токио олимпиадасында 8 қола медаль алып, жалпы есепте 83-орыннан көрінді. 

qazaqtimes.com