$ 494.87  520.65  4.91

Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғанидың Өзбекстанда бой тасалап жүргені рас па?

Бұған дейін Ауғанстанның елден қашқан президенті Ашраф Ғани "Қазақстанда бой тасалап жүр" деген ақпарат шыққан еді.

Ауғанстанның елден қашқан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанда жүр деген ақпарат тарады. Аталмыш дерек көздерінің жазуынша, отбасы және екі көмекшісімен бірге Тәжікстанға беталды делінген экс-президент іс жүзінде Өзбекстанға бірақ тартқан-мыс, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты да жоққа шығарды. Ресми мәлімдемеде мұндай ақпараттың яғни Ашраф Ғани бастаған ауғандық элита өкілдерінің Өзбек еліне келмегені айтылған.

"Соңғы күндері Ауғанның бір топ саяси жетекшілері Өзбекстан территориясында деген ақпарат тарауда. Оның ішінде Ашраф Ғани, Абдулрашид Дустум, Ата Мұхаммед Нұра және басқаларының аттары аталған. Бұл ақпарат шындықа жанаспайды", - дейді Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі. 

Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін Ауғанстанның елден қашқан президенті Ашраф Ғани Қазақстанда бой тасалап жүр деген ақпарат шыққан еді. Еліміздің сыртқы істер министрлігі "Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани Қазақстанға келуі мүмкін бе?" деген сауалға "Ашраф Гани Қазақстанда жоқ" деген жауап бергенін айта кету керек. 

Тағы бір айта кетерлігі, Ауғанстан экс-президентінің ұшағы Тәжікстан аумағына да қонбағаны рас болып отыр. Риа Новости ақпарат агенттігі  "Тәжік тарапы ауған тарапынан тиісті өтініш алмағанын айта кету керек", - деген Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесін жариялады. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғаннан кейін Президент Ашраф Гани елден қашып кеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары