$ 494.87  520.65  4.91

Президенттің Алматыға іс-сапары басталды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін жасауға бағытталған "Жаңа Алматы" бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары оңтүстік астананы абаттандыру бойынша бірқатар жобаларды таныстырудан басталды, деп хабарлайды  Akorda.kz.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін жасауға бағытталған "Жаңа Алматы" бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді. Оның мақсаты — тұрғындарға жайлы өмір сүру жағдайларын жасау, қала тұрғындарының дұрыс демалуы үшін жаңа қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру.

Қала басшысының есебін тыңдаған Мемлекет басшысы барлық жобалардың негізгі мақсаты — қауіпсіз ортаны құру, жасыл қорды сақтау болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар барлық демалыс және саябақ алаңдары жергілікті тұрғындар үшін ыңғайлы болуы керек деп санайтынын айтты.

Президент бұл бағыттағы қалада жүргізілген жұмыстарға оң баға берді және әр ауданда азаматтар үшін заманауи демалыс аймақтары мен жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары