Шілде айына жоспарланған «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығуы өтпейтін болды, деп хабарлайды ЭК.
Sputnik Казахстан таратқан ақпаратқа қарағанда, бұған коронавирустың өршуі себеп болған.
"Дала қыраны" атты тактикалық арнайы бітімгершілік жаттығулары еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың салдарынан өтпейтін болды", - деп жауап берген Қорғаныс министрлігі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, биыл өткізу жоспарда жоқ. 2003 жылдан бастап бұл халықаралық әскери жаттығу елімізде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Соңғы рет Алматы облысының "Іле" полигонында өткен болатын. 2020 жылы да індеттің кесірінен тағы да өтпей қалған-ды. Биыл жаттығуға АҚШ пен Ұлыбритания әскерилері қатысуы тиіс еді.