$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумына қатыспақ

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ.

3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары