$ 443.85  474.3  4.8

«Қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап берілуі тиіс»: Айдос Сарым алдағы Жолдау туралы пікір білдірді

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды.
фото: dalanews.kz
фото: dalanews.kz

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайтынын айтқан болатын. Жолдауда не күтілетіні турасында белгілі саясаткер, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Skifnews.kz ақпараттық порталына пікір білдірген болатын. 

Ертең болатын Жолдауға қатысты қандай болжамдасыз? 

- Менің ойымша, Жолдау екі бөлімнен тұратын сияқты. Бірінші бөлімде кешегі Байзақ ауданындағы жарылыс, Токио Олимпиадасы және әлі де ғаламдық деңгейде проблема болып тұрған коронавирус сияқты бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған сұрақтарға нақты жауаптар берілуі тиіс деп ойлаймын.
Ал екінші бөлім стратегиялық бағыттағы экономикаға, инфляцияға арналатын сияқты. Әсіресе, негізгі экономикалық көрсеткіштерді қоғамға, өмірге жақындатуға қатысты үлкен шешімдер болады деп күтіп отырмыз.

- Президент бұл Жолдауында еліміздің қай саласында басымдық береді деп ойлайсыз?

- Әрине, сөзсіз әлеуметтік-экономикалық мәселелер деп ойлаймын. Халықтың бақуаттылығы, соның негізгі ережелері мен алдағы төрт-бес жылдық экономикалық перспективаны қамтуға қатысты тиісті баға мен шешімдер айтылады деген үміттеміз.

Саясаткердің сөзінше, бұл Жолдау ел көкейінде жүрген көп сұраққа жауап беріп, мемлекеттегі маңызды мәселелердің шешілуіне негіз болмақ.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары