Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Айтуынша, 15 млн теңгенің 5 млн-ны жергілікті, ал 10 млн-ны республикалық бюджеттен бөлінбек, деп хабарлады AIBAT жаңалықтар қызметі.
Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады. Қазір қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Қосымша пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.