$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге 101 млн бөлді

Қаражат ҚР Үкіметінің қорынан бөлінеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тасымалдау шығындары өтеледі. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жалпы гуманитарлық көмекті жеткізу шығыны 101,5 млн теңгені құрайды. Қаражат ҚР Үкіметінің қорынан бөлінеді.

Тиісті қаулы жобасы Open NLA порталында жарияланған.

Қазақстан Ауғанстанға 2020 жылдың маусымында гуманитарлық көмек көрсетті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, сол кезде елге 2 мың тоннаға жуық жоғарғы сортты ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 400 мың литр өсімдік майы мен 200 мың сүт консервілері жөнелтілген.

2020 жылдың тамызында Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға кезекті гуманитарлық көмек жіберді. ҚР ІІМ тасымалдауға қосымша 16,1 млн теңге жұмсады. Бұл қаражат та Үкімет қорынан өтелді.

– Қазақстан Өзбекстанға 1000 тонна бидай ұны, консервілер мен май жіберді. Ал Ауғанстанға төтенше жағдайға арналған тауарлар жөнелтілді, – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Сондай-ақ, Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық жүк тасымалдауға 204,4 млн теңге жұмсағаны белгілі болды. Алайда, ІІМ мен Сыртқы істер министрлігінің ұсынған мәліметтері бір-біріне сәйкес келмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары