$ 446.49  475.38  4.79

«Қазатомпром Ресейге сатылмасын!» - Арман Шораев

Маған жеткен ақпарат бойынша, біздің ұлттық компаниямыз Қазатомпром жуырда жекешелендіруге шығуы әбден ықтимал.

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев Қазатомпромды Ресейге сату мәселесін көтеріп, барша қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қоғам белсендісі бүгін өзінің инстаграм парақшасында еліміздің мұнай, алтын, т.б. көптеген қазба байлықтарын онсыз да шетелдіктерге сатуын сатып, енді сатылмаған уран қалғанына қатты шүйлікті.

"Сол уранның запастары бойынша біз әлемде №1 болып таныламыз. Маған жеткен ақпарат бойынша, біздің ұлттық компаниямыз Қазатомпром жуырда жекешелендіруге шығуы әбден ықтимал. Ол біздің намысы жоқ, оңбаған ағашкаларымыздың ойлары және олар өздеріне ғана сатып қоймай, ары қарай сол Қазатомпромды ресейліктерге сатпақшы",- дейді Арман Шораев.

Сөз соңында, қоғам белсендісі: "Ол деген не? Ол деген біздің ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен нұқсан келтіру. Жалпы ары қарай жеке өз-өзіне сенген мемлекет болып танылуымыз екі талай. Бұл Тәуелсіздігімізді сату!",- деп өз ренішін білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары