Саясат 12.09.2021 сағат 11:37

«Мал жаятын жер қалмады»: Павлодар облысында шаруалар бас көтерді

Сөздерінше жерді ықпалды кәсіпкер меншіктеп, егістік алқапқа айналдырып жатыр екен. Соның салдарынан үш бірдей ауыл енді төрт түлігін қайда жаярын білмей отыр.
«Мал жаятын жер қалмады»: Павлодар облысында шаруалар бас көтерді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жер дауы күн санап үдеп барады. Әсіресе қарапайым тұрғындар мал бағатын жер таппай күйініп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Мыңдаған гектар жерді алып алған кәсіпкерлер шаруалардың тынысын тарылтып - ақ тұр. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының халқы да мал жаятын жерімізден айырылып қалдық деп бас көтерді. Сөздерінше жерді ықпалды кәсіпкер меншіктеп, егістік алқапқа айналдырып жатыр екен. Соның салдарынан үш бірдей ауыл енді төрт түлігін қайда жаярын білмей отыр. 

Өкінбек Займолданың үш ауылдың малын бағып келгеніне 17 жылдан асқан. Дәл осы жерді меншігіне алу үшін талай рет әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Бірақ, "жер бос емес" деген билік өкілдері, аумақты аудандағы ықпалды кәсіпкерге сатып жіберді дейді.
"Еліміздің Президенті Тоқаев мырзаның жолдауында айтты ғой мына шаруа қожалықтары, ауылдағы мал бағатын кісілердің мал өрісіне бөгет жасамандар, кеңейтіп беріңдер деп тікелей тапсырма берді. Міне оған қазір ешкім құлақ асып жатқан жоқ біздің әкімдер", - дейді Қожамжар ауылының тұрғыны Өкінбек Займолда.

Тұрғындардың сөзінше, ауыл халқы мал жаятын шұрайлы жерді белгілі кәсіпкер бір-ақ күнде меншіктеп алған. Тіпті, біраз аумағын жыртып үлгеріпті. 

"Міне жердің бәрін жыртып тастады. Ешқандай жер дейтін жер де қалмады. Мына мал несін жейді ертең. Міне, қараңдар, әппақ сары топырақ. Мынау деген не сұмдық?!", - дейді Қожамжар ауылының тұрғыны Дәлел Хайдар. 

Аудан басшылығы кәсіпкерге берілген жердің егістікке арналғанын айтып отыр. Ал, жергілікті әкімдік бірнеше жылдан бері бұл аумақта мал жайылып келгенінен бейхабар болып шықты. 

"Заң бойынша бізде ешқандай нарушение жоқ. Халықтың жайылым жоқ дегенін бірінші естіп отырмыз. Мал жайған екен мына жерге. Біз қарастырамыз әрине", - дейді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Ермек Машрықов. 

Ал, басы дауға қалған кәсіпкер болса, жерді заңды түрде алдым дейді

"Жерді әкімдік конкурсқа шығарды. Мен құжатымды тапсырып, жеңіп алдым. Ешкімнен тартып алған жоқпын. Тұрғындарға әкімдік басқа жер беріледі деген екен. Бірақ, әлі күнге дейін іс шешілмеген. Әкімдік жауапты бұған. Менің қатысым жоқ", - дейді кәсіпкер Игор Головошев. 

Халыққа тиесілі жер әлі берілген жоқ. Десе де, әкімдік мәселені ушықтырмай шешеміз деп уәде етті. Ал халық мыңдаған малын енді қайда жаярын білмей отыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар