12.09.2021, 14:20

Тоқаев ел тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтады

Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол өзінің Тwitter-парақшасында жазды.  

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», - деді Мемлекет басшысы.