$ 494.87  520.65  4.91

«Ақпараттың кеңістігімізді өзгенің меншігіне беру Мемлекеттігіміздің негізін шайқалтатын аса ауыр қылмыс» - қоғам белсендісі

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын өзгеге бері - Отанына жасаған опасыздық, сатқындық !!! Экономикалық Сыбайластық, Коррупция!!!
Фото: azattyq.ruhy
Фото: azattyq.ruhy

Мамин Үкіметінің е-гов цифрлық үкімет платформасының тізгінін ресейлік CБЕР компаниялар тобына беру туралы бастамасы әлі  қазақ қоғамының қарсылығын тудырып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі ең үздік электронды үкіметтің бірі саналатын е-гов жүйесін Ресейге берудің арты үлкен қауіпке алып келеді. Нақтысын айтқанда бұл ұлттық мүддені сату деген сөз, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Мәселен, ардагер журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлының айтуынша, бұл жоспарлы саясаттың бірі әрі мұның артында ортақ валюта мәселесі тұр.

«Әдетте мемлекеттік бюджеттің пайда болуы - оның ішкі қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен, игерілуімен тікелей байланысты. Егер "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы Ресейлік СБЕР банк құзырына берілетін болса, халықтың күнделікті төлемдерінің бір бөлігі (басым) Ресей бюджетіне аударылатын болады. Қазақстан халқына тиесілі миллиардтар, ішкі бюджет қаржысы Ресей инфрақұрылымына инвестиция болып құйылады. Қазірдің өзінде СБЕР программасын бір реттік сатып алу құны 300 млн доллар. Ал жыл сайынғы қызмет көрсету жарнасы 60 млн доллар. Қазақстан бюджеті үшін 15 жылда 1 млрд 200 млн доллар. Бұл халықты қып-қызыл тонау, ел бюджетін өзге елдің пайдасына негізсіз шығындау деген сөз. Ресей әлем мемлекеттерінің қаржылық санкциясына ұшыраған ел екенін есерсек жыртығын жамап, тесігін толтыру үшін жыл сайын бұл бағаны еселеп көтеріп отырады, қазақша айтқанда қызметін қымбаттатады.

СБЕР банк төлемдерді жүзеге асырудың тетігін қамтамасыз еткенімен ендігі жерде Қазақстан тұтынушыларының ақша түсімін және жұмсалуын, бүкіл цифрландыру инфрақұрылымының кірісі мен шығысын бақылауды да өз қолына алады. Қазақстанның бюджеттік "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдер, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстар мен гранттар да СБЕР меншігіне өтіп, Ресей пайдасына жұмыс жасайтын болады. Бұл бірте-бірте онысыз да қалт-құлт етіп отырған ҚАЗАҚСТАНДЫ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНА ӘКЕЛЕДІ. Ал бюджет тапшылығы - шығыстар кірістен асқан кезде пайда болады. Экономика ғылымында бюджет тапшылығын тудыратын негізгі факторлардың біріне: «күтпеген оқиғалар мен мемлекеттің ойсыз саясаты» жататыны анық көрсетілген. 

Уақыт өте келе Ресейлік СБЕР-дің қанауына шыдас бере алмасын сезген Үкімет елдегі қалыптасқан бюджет тапшылығын жабу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен тіпті "Ұлттық Қордан" да қосымша миллиардтар шығындай бастайды. Ал ол шығын өз кезегінде ЖІӨ өнім көлемінің азайуына, ішкі нарықтағы баға деңгейінің үздіксіз өсуіне, ұлттық валютамыз теңгенің құнсыздануына, гиперинфляцияға әкелуі мүмкін. Бұл Қазақстандық банктердің ақша-несие саясатының өзгеруіне әкеледі. Қарапайым халыққа несие беру пайызы өседі, қайтарылуын ауырлатады», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол мұның арты ортақ валюта мәселесіне алып келуі мүмкін екенін айтқан.

«БІЗДІҢ БОЛЖАМ. Дағдарыс тереңдейді, мұнан соң Қазақстан Ресеймен ортақ валюта аймағына бірігуге мәжбүр болады. Назарбаевтың арманы орындалады. Оның бұған дейінгі "ортақ валюталы кеңістік құру керек» деп жүрген экономикалық одағы осы. Бұл оның кезең-кезеңмен жүзеге асырып келе жатқан жоспарлы саясаты. Осы жерде Назарбаев – елдің саяси, стратегиялық дамуын көрсететін бағыттаушысы, ал Тоқаев – өзін оның айтқанын орындаушы мебелі екенін тағы дәлелдеді. Жириновский, Никонов секілді тағы басқа ивандардың айтып жүргеніндей Ресейдің губерниясына айналуға тағы бір АЛҒЫ ШАРТ жасалды. 

ХАЛҚЫМА АЙТАРЫМ, «Цифрлы Қазақстан» атты еліміздің ішкі бюджетіне пайдамен «таза кіріс» келтіріп отырған аса маңызды стратегиялық инфрақұрылымды, ақпараттың кеңістігімізді өзгенің меншігіне беру Мемлекеттігіміздің негізін шайқалтатын аса ауыр ҚЫЛМЫС!!! Отанына жасаған опасыздық, сатқындық !!! Бұл ҚР Президентi туралы Конституциялық заңында анық жазылған. Экономикалық Сыбайластық, Коррупция!!! 

Ал Қазақ, бәріне дайын бол! Халқымыз аса қауіпті ЖОЛ АЙРЫҚҚА келді. Алдымызда «Қаламысың» не «Жойыламысың» деген екі таңдау тұр! Осылай қамсыз-мұңсыз отыра берсек Қ. Тоқаев пен Назарбаевтың бірлескен «мақсатты жоспары» әлі талай болуы мүмкін «ФОРС-МАЖОРЛАРДЫ» тудырады. Келесісін уақыт көрсетеді...», - деп атап өткен жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары