$ 494.87  520.65  4.91

«Цифровизация саласына қатысты есеп беретін уақыт жетті!»: Мәжіліс депутаты Мусинге eGov мәселесі бойынша сауал жолдады

Архив саласын цифрландыруға 1,2 млрд теңге бөлінген екен, осы шаруа неге аяқсыз қалған, қаржы қайда? Азаматтар ең көп қолданатын жердік кадастр саласы неліктен әлі күнге дейін цифрландырылмаған?

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Цифрлық даму, инновация, аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге үшбу-хат жолдады. Өз хатында депутат Мусинді eGov порталын ресейлік «Сбербанктің» еншісіне беру мәселесіне келгенде аса болуға шақырған, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

«Құрметті Бағдат Батырбекұлы!
Қоғамда eGov порталын алмастыру және Ресейдің «Сбербанкісімен» осы мәселе бойынша Меморандум әр-алуан пікір туғызуда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сандық технологияға көшіп, осы саланың шапшағдығы артып, тиімділігі артқандығы дұрыс, құптарлық қадам.

Сарапшылардың айтуынша, технологиялық дәрежесі жоғары серіктессіз бұл мәселені шешу мүмкін емес екендігін анық.

Дегенмен, қоғам өкілдерін қазақстандықтардың жеке деректерінің сақталуы мен қауіпсіздігі мәселесі өте алаңдатып отыр», - деп атап өткен Сайыров өз хатында

Сонымен қатар ол қоғамда аса қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты Бағдат Мусинге бірнеше сауал қойған: 

"Бүгінде, барлық деңгейде азаматтар осы мәселені қызу талқылауда.
Осы проблемаға байланысты келесі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін!

1. Неліктен Қазақстан Республикасының сандық трансформациясы саласындағы жұмысқа «Сбербанк» серіктестігімен меморандумға қол қойылды?

1.1. Неліктен, банк төрағасы қол қойған мұндай құжатқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қоюы тиіс? Министр немесе «Азаматтарға арналған Үкімет" басшысының деңгейі емес пе?

2. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы серіктес болу үшін жаһандық деңгейде лидер ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілді ме?

3. Аталған жоба іс-жүзіне асқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік нормалары қалай қадағаланады, азаматтардың деректер базасы қай жерде сақталады, бұл базаға шет ел азаматтарының кіру, көру еркіндігі бола ма? 

4. Алты жылда мемлекеттік «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ 860 млрд астам қаржы бөлінген. Сонымен бірге, барлық мемлекеттік органдар, квази мемлекеттік сектор, ешқандай қызметін көрмеседе, осы компаниямен келісім-шартқа отыруы тиіс деген ақпаратта бар. Осыншама қаржы бөліне отырып неліктен азаматтар сыртқы-ішкі қолданушы ретінде, үзіліссіз, кедергісіз жұмыс істейтін ұлттық сервис алаңын жасай алмадық ?

5. Архив саласын цифрландыруға 1,2 млрд теңге бөлінген екен, осы шаруа неге аяқсыз қалған, қаржы қайда? Азаматтар ең көп қолданатын жердік кадастр саласы неліктен әлі күнге дейін цифрландырылмаған?
Біздің ойымызша, халық, қоғам алдында цифровизация саласындағы жаңдай жөнінде есеп беретін уақыт жетті!
Құрметпен, Мәжіліс депутаты Е.Саиров», - делінген хатта. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары