$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстан Елшісі Израильдің Бас Ашкенази раввинімен кездесті

Дипломат Бас раввинді еврей халқының жаңа жылымен және Суккот мейрамымен құттықтады.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Бас Ашкенази раввині Давид Лаумен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Дипломат Бас раввинді еврей халқының жаңа жылымен және Суккот мейрамымен құттықтады. Ол Д.Лауға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласында 5-6 қазанда өтетін Съез хатшылығының алдағы XIX отырысының күн тәртібімен таныстырды.

Сонымен қатар, Бас Ашкенази раввині Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар етілді.

Діни лидерлер съезінің негізгі мақсаттарын жоғары бағалап, Д. Лау Қазақстан елордасында бас қосатын форум бүкіл әлемнің дінбасыларына және олардың өкілдеріне ең өзекті және күрделі мәселелерді ашықтық, толеранттық, өзара құрмет атмосферасында талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Израиль