ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,- делінген жазбада.
Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.