$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаң болмаса, бұл елден әділдік іздеймін деп әуре болмау керек» - журналист

Бере алмағандары түрменің түбінде жатыр!
Фото: alashainasy.kz
Фото: alashainasy.kz

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш өзінің әлеуметтік желісінде еліміздегі сот, прокуратура саласындағы былықты әшкерелеп тағы бір пост жазды. Журналистің айтуынша, қалтаңда ақшаң болмаса сот пен прокуратурадан, өсімге тоймай құтырған банктен, әпербақан сот орындаушылардан әділдік іздеп әуре болудың еш қажеті жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кез-келген сот пен прокурордың ақшасы мен байлығы кез-келген кәсіпкерден бірнеше есе асып түседі! Кез-келгенін тексеріп көрсін! Олар еш уақытта банктен кредит алмайды. Бас-басында бірнеше машина, бірнеше қалада бірнеше зәулім үйі бар. Бұл ешкімге құпия емес. Сонда, біздің соттар мен прокурорлар адал еңбегімен байып отыр ма?!

Басына іс түскен бейбақ мәселесін шешу үшін сот пен прокурорға ақша бермегені жоқ шығар?! Бере алмағандары түрменің түбінде жатыр! Ақшаң болмаса, бұл елде әділдік іздеймін деп әуре болма! Қаншама адамның маңдайы тасқа тигендей Жоғары Сот пен Бас прокуратурадан да үмітін үзіп, Президенттің атына шағымданып жатады. Ешкім де Президентке еріккеннен хат жазбайды! », - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол қазақ қоғамын дүр сілкіндірген Алматыдағы Дужнов оқиғасы да осындай әбден былыққан жүйенің салдары екенін айтқан. 

«Ақбұлақта төгілген бес адамның қаны -Дужновтың ғана емес, жемқорлыққа әбден малтыққан сот пен прокуратураның, өсімге тоймай құтырған банктің, әпербақан сот орындаушылардың да мойнында! Осы оқиғаға қатысқан жақтың ешқайсысы да аппақ емес!», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары