Саясат 28.09.2021 сағат 22:33

«Абайдың менен де көп оқылатына көзім жетті»: Балтабек ақын халықтан кешірім сұрады

Қазақ поэзиясында аз оқылу жағынан нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін
«Абайдың менен де көп оқылатына көзім жетті»: Балтабек ақын халықтан кешірім сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жұрт ішінде сарай ақыны деген атпен танымал ақын Балтабек Нұрғалиев әлеуметтік желі парақшасында халықтан кешірім сұрап жазба қалдырды деп жазады Kaznews.kz

«Құрметті қазақстандықтар, ізгі бауырлар!

Мен бүгін Абайдың менен де көп оқылатын ақын екеніне көзім жетті. Мойындадым. Жалғыз Абай ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі барлық ақындар менен көп оқылады. Мен әлемдегі ең соңғы ақынмын.

Қазақстандық поэзиядағы, орыс тілді болсын, қазақ тілді болсын, жалпы басқа тілдердегі ақындардың ішіндегі ең аз оқылатын ақын, ол – менмін. Қазақ поэзиясында аз оқылу жағынан нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Абайдың өлеңі де, де өзі де менен алда. Мен оқылым жағынан да, басқа ұлылық жағынан да, жаңашылдық жағынан да Абайдың алдына шығып кеткен жоқпын.
Қателігім үшін қоғамнан кешірім сұраймын.
Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев» деп бөлісті өз жазбасында сарай ақыны атанып кеткен Балтабек. Балтабек ақынның бұл жазбасына жазылып жатқан пікірлер өте көп.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар