$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ неге Спутник вакцинасынан теріс айналды?

Спутник V екпесін салдырғандар қараша айынан бастап АҚШ аумағына кіре алмайды.
Фото: RT
Фото: RT

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өтпеген вакцинаны салдырған адамдар қараша айынан бастап АҚШ аумағына кіре алмайды. ДДСҰ мақұлдамаған вакциналар арасында ресейлік "Спутник V" те бар, деп жазады Азаттық. 

Бұған дейін халықаралық ұйым "Спутник V" екпесін шығаратын зауыттардың бірін тексеру кезінде өндіріс ережесі бұзылғанын анықтап, мақұлдау процесін шегерген.

Америкалық Washington Post басылымының жазуынша, "Спутник V" әлемнің 70 елінде мақұлданған, онда 4 миллиардтан астам халық тұрады. Ресейлік препараттың шамамен 448 млн дозасы әлем елдеріне сатылған.

Қазақстан ақпан айынан бастап халыққа "Спутник V" екпесін салып жатыр. Дәрі-дәрмек Ресейден әкелінген шикізат негізінде Қарағанды зауытында өндіріледі.

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V"-ті елдегі негізгі екпе ретінде көреді. Қазақстанда онан басқа отандық QazVac, қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax және Қытайда өндірілген Vero Cell, сонымен бірге Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары