Түркістан облысында Ауғанстанның үш азаматын заңсыз тасымалдамақ болған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш шетелдікке шекарадан заңсыз өтуге көмектескен екі Қазақстан азаматын ұстады.
"Олар Өзбекстан арқылы Қазақстан шекарасын кесіп өтуге тырысқан Ауғанстан азаматтары болып шықты", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
"Қазақ екенімізді дәлелдеу үшін руымызды білген аздық етеді": Ауғанстандағы қандасымыз тарихи отанына орала алмай жатқанын айтады
"Онда қалған қазақтардың саны әлі де көп": Отанына оралған қандастар Ауғанстаннан қалай қашқандарын айтып берді
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 392-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ал екі жергілікті тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.