$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда пара алды деген күдікпен әкімнің орынбасары ұсталды

Онымен бірге тағы екі шенеунікке қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ.Ахметовке және Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді», - деп хабарлады өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Олар тергеу жалғасып жатқанын және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жемқорлық