$ 494.87  520.65  4.91

Түрмеден босатылған Арон Атабек Алматыға ұшып келді

15 жыл түрмеде отырып бостандыққа шыққан ақын әрі диссидентті қарсы алу және қолдау үшін ондаған адам әуежайға жиналды.

Арон Атабек 1 қазан күні кешкісін Павлодардан Алматыға FlyArystan әуекомпаниясының ұшағымен ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.

Атабектің қызы Алма Нутушева тілшіге телефон арқылы әкесі Алматыға келгенін растаған. Ол Арон Атабектің денсаулығының нашарлығына байланысты оны ұшақтың трапынан алып кететінін, сондықтан келушілер залындағы есіктен шықпайтынын айтты.

15 жыл түрмеде отырып бостандыққа шыққан ақын әрі диссидентті қарсы алу және қолдау үшін ондаған адам әуежайға жиналды.

1 қазанда Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында тәртіп сақшысының өлімі мен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша сотталған ақын Арон Едігеев денсаулығына байланысты түрмеден босатылған болатын.

Шаңырақ оқиғасы қалай болды?

2006 жылы 14 шілдеде Алматының іргесіндегі Шаңырақ елдімекенінің тұрғындары "жерді рұқсатсыз иеленіп алдыңдар" деп, үйлерін сүру үшін полиция апарған билікке қарсылық көрсетті. Қақтығыс кезінде үстіне бензин құйылып, өртелген 24 жастағы полиция қызметкері көз жұмды

Билік оның өліміне бірнеше тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған ақын әрі диссидент Арон Атабекті кінәлі деп тапты. Арон Атабекті – 18 жылға, Құрманғазы Өтегеновты – 16 жылға, Ерғанат Тараншиевті – 15 жылға, Рүстем Тұяқовты – 14 жылға соттады.

2010 жылы Арон Атабекке "Тұтқындағы өнер иесі" номинациясы бойынша Freedom to Create халықаралық сыйлығы берілді. 2010 жылы қарашада сыйлық Каир қаласында Атабектің туыстарына табыс етілген.

Арон Атабек жылдар бойы жазасын тұтқындалғанға дейін тұрып келген Алматы қаласынан алыс орналасқан түрмелерде өтеп келді. 2014 жылдың сәуірінен бастап ол Павлодардың уақытша тергеу изоляторында отырды. Атабек бұл жерге Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы колониядан этаппен жіберілген. Оны екі рет Қостанай облысы Арқалық қаласындағы "жабық" түрмеге салып жазалаған. Бұл – өмір бойына бостандығынан айырылған азаматтар жазасын өтейтін, "түрме ішіндегі түрме" іспетті мекеме.

Арон Атабек түрмеде 16 жылға жуық уақыт отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары