Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Павлодар қаласында осы жылдың 5 қазанында сағат 07:13-те, Бектұров көшесі 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарында 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол 8-қабаттағы балконнан секіріп, өз-өзіне қол салған", – деді полицияда.
Ал "Bank RBK" хабарламасында: "Bank RBK" АҚ Павлодардағы филиал директорының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлайды, басшылық пен қызметкерлер біздің әріптестің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады және оның отбасына қажетті материалдық қолдау көрсетеді. Банк бұл жұмыс аяқталғанға дейін тергеуге толық көмек көрсетеді, банк расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуды сұрайды", – делінген.