Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі елдегі ақылға сыймайтын айыппұл мөлшерін сынап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, бұл халықты тонау болып есептеледі.
«Жылдамдықты асырғаның үшін" деп, бір емес, екі айыппұл келіпті!
58 340 теңгеден!!
Сұмдық!!!
Адам нанға әрең ақша тауып жүргенде мынандай айыппұл жазып, оборзели что ли???
Айыппұл мөлшерін жазатындар, сендердің естерің сау ма??? Айыппұл дегенді де кішкене мимен ойланып, халықтың айлығы мен шайлығын ескеріп жазуға болады ғой!!! Шектен шыққандық!!!
Мынау деген халықты ашықтан ашық тонау ғой!!!! Өз халқыңды өздерің қанап, тонағаннан басқа не білесіңдер өздерің???
Оның үстіне, әр қадам сайын сергек бар деп, онсыз да жылдамдықты асырмаймыз. Жарайды, 2-10 шақырым, кейде спидометрге қарауды ұмытып, байқаусызда асырып қоятын шығармыз. Сонда сол үшін осылай тонау керек пе???
Мыналарың рэкетирство!!!
Банктерің - рэкет!
Соттарың - рэкет!
Сот орындаушыларың - рэкет!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол мұның қарапайым халықты тонау екенін айтқан.
«Не заман боп кетті бұл??? Халықты қанау мен тонаудан басқа нәрсені білесіңдер ме өздерің???
Кей трассаларда жүргізушілерді мазақ етіп, 30-40-50 км белгі қойып қоясыңдар! Маңайда не елдімекен жоқ, не аялдама т.б. ештеңе жоқ, ми далаға, төрт жолақты БАМға осындай төмен жылдамдықты не оймен, не мақсатпен қоясыңдар??? Олай болса жылдам жол - Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолын аталарыңның басына салдыңдар ма? Оның әр шақырымы, аттап бассаң, жылда қазылып, жылда жамалып жатады. Онсыз да бүкіл трассаларда әр шақырымда сергекті алдынан-артынан түсіретін ғып, ашық та, ағаш арасына да тыға бергенсіңдер!!! Ал ең бір жол өндіретін тәуір жерге 30-40 км белгі қойып қойғансыңдар! Ұят бар ма өздеріңде???
Оңбайсыңдар ғой!!!
Екі айыппұл - 118 мыңды көріп, ашуым келіп отыр. Жалғыз мен - көлікті енді ғана үйреніп, барынша сақ, ақырын, аккуратно жүретін менің өзім, түк ереже бұзбадым дегеннің өзінде ай сайын осыншама айыппұл төлейтін болсам, онда басқалар қанша төлейтінін елестете алмаймын....
Ең ауыры - менің қалтамнан, сіздің қалтаңыздан шыққан миллиондаған, тіпті, миллиардтаған бұл қаржылар мемлекеттің қоржынына - қазынаға түспейді ғой!!! "Сергек" деген - небәрі 2-3 адамның жекеменшік бизнесі!!! Бізді солар тонап жатыр, біздің ақшамыз солардың қалтасына кетіп жатыр!!!
Жүргізушілер, қалай шыдап жүрсіздер? Көлік мінген айналдырған екі айда мынандай ақшаны қалтамнан Сергек тонап алатын болса, машинаның құны ұшақтың құнындай ұшып бара жатса, бензин ол анау болса!!!...
Мұның бәрі аздай, бүкіл трассаларға "Ақылы жол" деп ілгектерін іліп, онсыз да ақысы аспандап тұрған жолдан тағы ақы алса - БҰЛ НЕ СҰМДЫҚ???
Пысы: "Жылдамдықты асырам деп өліп кетіп жатыр" деген "пәлсапалық ақылдарыңды" бастарыңа шайнап жағыңдар! Иә, олар "өліп", өмірімен өтем жасады!
"Сендер тірісіңдер, неғып өлмей жүрсіңдер?" деп тонай беру керек, тепкілей беру керек пе сонда??. Әлде тірілер тірі жүргенімізге кінәліміз бе??? Әрнәрсенің шегі, қисыны, критерийі, өлшемі, мөлшері болмай ма??? Айыппұл сал, шегімен, қисынымен сал! Ең алдымен жолдарыңды жөнде! Өмірге қауіпті жерлерге тиісті белгіні іл. Ал келсін-келмесін, миға қонбайтын жерлерге белгі қойып, камера тізе беру не сорақылық???...
Пысы 2: "Бір аптада төлесең осынша, екі аптада төлесең осынша, үш аптада төлесең, осынша.." дегендерің не иттік??? Әлде процентті счетчиктеріңді әр 1 аптада 100%-дан қосып отыратын не деген оңбағансыңдар, а??? Счетчик айналдыратын банктерден де асып түсіпсіңдер ғой!!! Сұмдық!!!!!!!....
Қысқасы!!!
- Апта сайын екі есе, үш есе өспейтін, алғашқы тұрақты мөлшер сақталатын айыппұл бекітілуін;
- ол мөлшер ақылға қонымды, халықтың айлығы мен шайлығын ескеріп белгіленуін;
- әр адамның әлеуметтік статусы, төлем қабілеті жеке ескеріліп, айыппұл салу механизмдерін қаоыптастыруды;
- көліктің маркасына, жылына орай белгілеуді; (жигули мінген кедей де 58 мың, джип мінген бай да 58 мың төлеуі әділетсіздік!)
- айыппұлды төлеу мерзімін 6-12 ай аралығы деп бекітуді;
- айыппұл үшін жауапқа тартылған адамның бәріне "сотталған" деп клеймо соқпауды!;
- камераларды, жол талаптары кескінделген белгілерді кез-келген жерге тыға бермей, қауіпті аймақтарға, қажетті жерлерге ғана ілуді ТАЛАП ЕТЕМІН!!!!!
Қасым Жомарт Тоқаев бұл мәселені тез арада қарастырып, шешуі керек деп ойлаймын», - деп атап өткен жазба авторы.