$ 446.49  475.38  4.79

Жазира Жаппарқұл: Мені керексіз қылған соң, спортты ұмыту үшін басқа кәсіптермен айналыстым

Зілтемірші спорттағы келеңсіздіктер мен өзіне жасалған қиянаттар туралы ашық айтты.

Зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері  жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл сұхбат берді. Спортшы спорттағы өкініші мен келеңсіздіктер жайлы айтты.

Бұл туралы спортшы Талқылайық бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жазира Жаппарқұл спорттағы келеңсіздіктер мен өзіне жасалған қиянаттар туралы ашық айтты. Спортшы бір кездері спорттан қол үзіп, өзін басқа салаға арнаған. Спорта көкесі мен атағы барларға басқаша көзқараспен қарайды дейді ол. Ал бөлінген қаражат спортшылардың қолына берілмейді ден ренжіді. 

“Мен соңғы кездері ауырып ем алдым. Қазір жағдайым Аллаға шүкір жақсы. Мені құрамадан шығарып тастады. Мен еріксіз шығып кеттім. Маған ешкім оның себебін түсіндірген де жоқ. Былайша айтқанда, далада қалдым. Спортшыларға жағдай жасалмаған. Арнайы ем алатын да жер жоқ. Спортшылар ауырған күнде өз қаражатына емделуге мәжбүр. Мен спорттан көңілім қалды. Спортты ұмытқым келді.

Өзімді алдап басқа кәсіптермен айналысып көрдім. Дүкен аштым, көлік жуу бекетін аштым. Бизнесмендермен кездестім. Жұмыс сұрадым. Екі жыл жұмыссыз жүрдім. Бірақ мен бала күнімнен өзімді спортқа арнаған адаммын. Мен спортсыз өмір сүре алмаймын. Мен басқа салада ешнәрсе істей алмаймын. Әуелі Алла, ата-анам, достарым қасымда болып мені қолдады. Соның арқасында күйзелістен шықтым”, – деді спортшы.

Жазира Жаппарқұл спортта атағы мен ағасы барларға ерекше көзқараспен қарайтынын айтып налыды. Өзінің көп жерде шеттетіліп қалғанын жеткізді. 

“Спортшыларды бөліп-жарады. Кейбір спортшылар қонақүйде жатқанда, біз көп қыз болып пәтерде жаттық. Бізге бөлінген ақшаның жартысының жартысын ғана қолға алдық. Спортта “ең сүйікті” спортшылар бар. Соларға оң көзқараспен қарайды. Біз бірдеңе талап ете бастасақ, ұнамаса кете бер дейді. Сол үшін біз үндемей жүре бердік. “Аузыңды жап, сен кімсің?” дегенді де естідік. Зульфия Шиншанлоның Токио Олимпиадасына барғанын қаламадым. Себебі одан да мықтылар бар. Қазақ қыздары бар. Жақсы нәтиже көрсете алатын қыздар бар еді. Оларға мүмкіндік бермейді. Мен сол үшін қарсы болдым. Бізде спортшыларды осылай бөледі”, – деді Жазира.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары