Қазақстан делегациясы Ауғанстанға барды, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
"Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация жұмыс сапарымен Кабулға келді. Сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.
Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жіберуді одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр.