Саясат 17.10.2021 сағат 23:36

«Привет из африки!»: Кіші Талдыкөлдің тағдырына сонау африкалықтар алаңдаушылық білдіріп жатыр

"Кіші Талдыкөлге тиіспе", - деп қайталайды бір топ жігіттер, қолдарында қызғылт фламинго бар фотоны көрсетіп.
«Привет из африки!»: Кіші Талдыкөлдің тағдырына сонау африкалықтар алаңдаушылық білдіріп жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ғаламторда африкалықтардың Кіші Талдыкөлге тиіспеуді сұрап, фламинго биін билеген видеосы пайда болды. Бұл жолы қара нәсілді жігіттер экологиялық белсенділер құтқаруға тырысып жүрген су қоймасын қорғауға шықты, деп жазады stan.kz.

"Кіші Талдыкөлге тиіспе", - деп қайталайды бір топ жігіттер, қолдарында қызғылт фламинго бар фотоны көрсетіп.

Айта кетейік, бұған дейін африкалық жігіттер Ақтөбе мен Өскемен әкімдерін құттықтап үлгерген.

Танымал "Африкадан сәлем" арнасы мұндай видеоларды аз ғана ақшаға түсіретіні хабарланды.

Еске салайық, Қазақстанның астанасында экологиялық белсенділердің Кіші Талдыкөл көлі үшін күресі жалғасуда. Онда әкімдіктің рұқсатымен құрылысшылар құрылыс жүргізіп жатыр.

Елорда әкімдігі су қоймасында тереңдету жұмыстары жүргізілетінін, Кіші Талдыкөл сулы-батпақты объектісін сақтап қалатынын айтты. Олай етпеген жағдайда, ол бірнеше жыл ішінде толық құрғап кетеді, өйткені суды кептірудің табиғи процесі бар деп мәлім етті.

Жергілікті билік Кіші Талдыкөлдегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құрудың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге уәде береді. Экология министрлігінің басшысы қаладағы көлдің беткі қабаты сақталатынын, таяз су бөлігі толтыру үшін қолданылатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар