$ 498.55  524.28  4.75

Түркітілдес мемлекеттер лаңкестікпен күресті бірігіп жүргізбек

Астанада түркі тілдес елдердің арнайы қызмет мамандары бас қосты деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. Отырысқа Ресей, Грузия, Украина елдерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысып отыр.

Басты мақсат - терроризмге қарсы күресті күшейту, сол үшін күштерді біріктіру. Ең бастысы, жедел ақпаратпен алмасу үшін әріптестікті арттыру көзделген.

Айта кету керек, Орта Азия елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан да Сирияға соғысуға аттанғандар көп. Олардың көбісі Таяу Шығысқа Түркия арқылы өтіп кеткен. Бас қосқан мамандардың айтуынша, соғысқа кетіп жатқандарды діттеген жеріне жеткізбей, елге қайтарса райынан қайтарып, тура жолға салуға да мүмкіндік бар.

Енді аймақта теріс діни ағымдардың еркін таралуына жол бермес үшін түркітілдес елдердің қауіпсіздік қызметтері өзара күш біріктіріп, терроризмге қарсы күресетін болады.

Кәрім Мәсімов, ҚР ҰҚК төрағасы:

- Осындай форматтағы әріптестіктің жұмысы өз нәтижесін көрсетіп келеді. Халықаралық терроризммен, өзге де қауіп-қатермен бірлесе күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бүгінгі басқосуымыздың басты тақырыбы боларына сенімдімін. Біздің алдымызда тұрған міндеттерді орындауға және оңтайлы шешімдерді қабылдауға оң ықпал ететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары