$ 494.87  520.65  4.91

«Алаяқ коучтардың кесірінен азаматтарымыз Түркиядан елге қайта алмай, қайыршы болып жүр» - Айгүл Орынбек

Қазақтарды Түріктердің алдына апарып қайыршы қылып, қол жайғызып қойған коучтардың нәтижесі міне осы!

Аңқау халықты «әп-сәтте аста-төк байлыққа кенелтемін» деп қолындағы жиған-терген қаржысынан айырып, несиеге ұрындырып жатқан данышпан коуч, жалған психолог секілді пысықайлар енді жұртты ашықтан-ашық алдауға көшкен. Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында осындай пысықайлардың бірінің қаншама адамды Стамбулға алдап апарып, лақтырып кеткенін айтып дабыл қақты. Заңгердің айтуынша, олар бір айдан бері елге қайта алмай отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Азаматтарымыз елге қайта алмай қайыршы болып жүр!

Құрметті Ерлан Тұрғымбаев мырза!
Полиция қызметкерлері шет елде жүрген адамға қылмыстық іс аша алмаймыз деген соң, біраз азаматтарымыз Стамбул полициясына жүгінген! 
Алданып отырған ҚР азаматтары, шет елге алдап шақырып отырған да ҚР азаматтары. Неге арыз қабылданып, қылмыстық іс ашылмайды?
Біздің азаматтардың құқығы неге өз елімізде толық қорғалмайды?

Оқи отырыңыздар: «Көздерің ашылатын кез келді ғой»: Айгүл Орынбек халықты алдайтын коучтарды сынға алды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің назарына!
Стамбул еліне барып, қайта алмай отырған азаматтарға көмек беріңіздер!
“Миллионер қылып байытамын” деп шақырғандар лақтырып кетіпті.
Тіпті ұшақ билеттерін ала алмай отырғандар бар!
Түркиядағы қазақ елшілігі, Абзал Сапарбекұлы, адасып, алданып қалған қазақтарға көмек беріңіздер!
Қазақтарды Түріктердің алдына апарып қайыршы қылып, қол жайғызып қойған коучтардың нәтижесі міне осы!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары