Саясат 19.10.2021 сағат 16:40

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасын қабылдады

Тоқаев Абдалла Әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады, деп хабарлайды akorda.kz. 

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясын ислам әлеміндегі сенімді серіктес әрі Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сауд басшылығымен әрдайым байланыстамыз. Тамызда Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы әңгімелескен кезде бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ал қыркүйек айында Инвестиция министрі Халид әл-Фалихпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа серпін береді деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сауд компанияларының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейх қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, еліміздегі сапарының табысты өтіп жатқанын айтты.

Мен бауырлас, достас Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Біз парламенттік деңгейде бірқатар жемісті кездесу өткіздік. Мұндай жүздесулер елдерімізді жақындастыра түседі. Мемлекеттеріміздің басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда осындай сапарлардың мәні зор деп есептеймін, – деді Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы.

Сонымен қатар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абдалла Әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар