$ 449.58  486.94  4.86

Алматы экономикасы 9 ай ішінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр

Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 1 трлн теңгеден асты, НКИ 120,1%-ды құрады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен апта сайынғы аппараттық кеңесте әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындылары, жылыту маусымының басталуы, жеке сектордың өртке қарсы қауіпсіздігі, халық санағының барысы қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Алматы экономикасының негізгі салаларында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің жоғары қарқыны қамтамасыз етілді. Мәселен, қаңтар-қыркүйекте қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 752,8 млрд теңгені құрады, НКИ - 117,8%.

Көлік және логистика саласындағы көрсетілетін қызметтердің нақты көлем индексі 2020 жылғы ақпаннан бастап алғаш рет оң динамиканы көрсетті және ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 2,5%-ға ұлғайып, 101,2%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 1 трлн теңгеден асты, НКИ 120,1%-ды құрады. Бұл ретте өнеркәсіп өнімін өңдеу саласындағы НКИ 120,7%-ды құрады. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау және ыстық сумен қамтамасыз ету қарқынының 22,1%-ға, НКИ-122,1%-ға өскені байқалады.

Сауда саласының қалпына келтіру өсімі жалғасты. Қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауданың НКИ 112,6%-ды, көлемі – 2 трлн 948,8 млрд теңгені құрады. Көтерме тауар айналымының НКИ-і 103,2%-ды құрады, ал көлемі 7,6 трлн теңге.

Байланыс қызметтерінің көлемі 13,9% өсіммен 437 млрд теңгені құрады. Бұл Интернет желісіне қолжеткізуді ұсыну бойынша қызметтер көлемінің 16%-ға және ұялы байланыс қызметтері көлемінің 11,5%-ға өсуіне орай іске асты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 52,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 34,7 мың, уақытша жұмыс орындары – 17,6 мың.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев аталған салаларға жетекшілік ететін орынбасары І. Өсеровке және Стратегия және бюджет басқармасының басшысына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштеріне, нысаналы индикаторларға және Жол картасына қолжеткізу мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Жылу беру маусымының басталуы жөніндегі мәселені қарау қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары М. Әзірбаев аудан әкімдерімен, тиісті мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп, жылу беру маусымының өтуін ерекше бақылауда ұстағандары жөн.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Р. Қасымбаевқа жеке тұрғын үй секторын аралауды жалғастыру, қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қала әкімі халық санағы мәселесі бойынша тиісті қызметтерге Ұлттық бюроның статистика департаментімен бірлесіп санақ науқанын өткізу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы