Еңбек, еңбек және еңбек...
“Кредиттен қалай құтылудың жолы”, “Миллионер болуды үйретемін”, “Қалай арықтаудың тәсілі” т.с.с. деген өтірік тренингтерге қатысып, алаяқтарды байытып, ерлеріңнің арқа еті арша, борбай еті борша болып, ақ таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеп тапқан табысын шашпаңдар, қазақтың келіншектері!!!! Мен осы бәлекеттерден құтылудың жолын ТЕГІН айтып берейін.
Кредиттен құтылудың жалғыз-ақ жолы бар, ол - Еңбек, еңбек және еңбек. Басқа жолы жоқ. Бар деген адам - сіздерді алдап жүр. Ешқандай тренинг, ешқандай қиял кредиттен құтқармайды. Тәуекел деп тынбай жұмыс істеңіз. Алла жар болсын!
Оқи отырыңыз: Қарыздан құтылудың «ерекше» жолын ұсынған Құралай ханым күлкіге қалды
Миллионер болудың жолын ешкім үйрете алмайды. Себебі, бай болу - маңдайға Құдай беретін нәрсе. Бір жеткен Еңбек арқылы ғана жетеді. Жеңіл жол іздесеңіз қатты қателесесіз
Арықтаудың жолы мынау - аз тамақ жеп, көп қимылдау. Яғни, тағы да - Еңбек.
Есіңді жи, Қазақ әйелі...
Айтыскер ақын Әсем Ережеқызының facebook парақшасынан