$ 447.4  477.55  4.76

Тоқаев Мирзиеевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің бауырлас екі халық арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Akorda.kz.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті", - делінген Ақорда сайтында.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің бауырлас екі халық арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады. 

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары