Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминге Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді», - деп жазды ол.