$ 494.87  520.65  4.91

«Сондай жиіркенішті!»: белгілі жазушы төсек тақырыбын қуалап кеткен журналистерге өз ренішін білдірді

Мисыз, білімсіз әншілерден сұхбат алғанды қойыңдаршы. Мен қазір ондай хабарларды көрсем, жүрегім айнып, құсқым келеді. Сондай жиіркенішті!

Құрметті журналистер, сендерге бір өтініш!

Мисыз, білімсіз әншілерден сұхбат алғанды қойыңдаршы! Оның уақыты енді өтіп кетті. Ол енді ешкімге қызық емес. Қайта адамның жүйкесіне күш түсіреді. Олар не айтады? Әрине, өз өмірі, жүрген-тұрғанын, кімге ғашық болғанын, кімнің алдап кеткенін... т.б осы тәрізді ұсақ-түйектерді сөз етеді. Біреудің өмірі кімге керек? Қызық па сол?.. Әлі де сол баяғы әнішлердің кіммен жүргенін, бірінші әйелінен не үшін ажырасқанын, екінші әйелін неге тастап кеткенін, үшінші әйелімен қалай танысып, бас құрағаны туралы хабарлар әлі де толастар емес. Мен қазір ондай хабарларды көрсем, жүрегім айнып, құсқым келеді. Сондай жиіркенішті! Соны қалай ұялмай айтады екен? Бірақ оларда қайбір ми бар дейсіз? Соны да мақтан көретін сияқты...

Сондықтан журналистер, ондайды қойып, елдік, ұлттық, халықтық мәселелерді көбірек жазыңдар, көбірек көтеріңдер!
Мен де он бес жылдай журналист болдым. Бірақ бір де бір рет біреудің өмірін, жүрген-тұрғанын жазған емеспін! Ол – сорлылық! Енді қойыңдар, ондай ұсақ-түйекті термелеуді!

ЕСКЕРТУ: Жаңа лентадан "Айдарқұлов бірінші әйелінен неліктен ажырасқанын айтып берді" деген хабарды көзім шалып қалып, тағы да  қаным басыма шапты...

Неткен сорлылық?!.

Жазушы Думан Рамазанның facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары