$ 443.85  474.3  4.8

«Бізде ана тілін білмейтін мәңгүрттер көп» - қоғам белсендісі

Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

Өзбекстан паспорттағы ұлты деген жерге «Өзбекстан» деп жаза бастапты. Әлихан Бәймен ағамыз соған орай бізге де тура сөйтіп істеу керек, ол біздің бір ұлт болып ұйысуымызға сеп болады дегендей ұсыныс айтқан екен. Мен оған қарсымын. Ұлтты ұйыстыратын ең бірінші нәрсе паспорт емес, тіл!

Өзбектің арасында өзбекше білмейтін өзбек жоқ. Олар тіпті орысша сөйлесең де өзбекше жауап беріп тұра береді. Олар ұлт болып ұйысудың алғашқы сатысынан өткен, мұндайға дайын тұрған ұлт. Бізде қалай? Бізде ана тілін білмейтін мәңгүрттер көп. Екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлесіп отыра береді. Оған намыстанбайды да.

Алматы мен астананың аулаларында бала біткен орысша шүлдірлеп жүр. Алдымен тілдің проблемасын шешіп алсаңыздаршы, ағалар-ау.. Бір тілде сөйлемейтін ел бір ұлт болып ұйыса қалады деу - саяси утопия!

Журналист Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары