$ 443.85  474.3  4.8

Сағынтаев қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді

Жеке қабылдау онлайн-форматта өтті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-форматта жеке қабылдауға жазылған қалалықтардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді.

Алматы жасанды интеллект зертханасының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов Сerebra инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ілгерілету туралы айтып берді. Жоба медициналық мекемелерде пилоттық режимде іске асырылуда, сондай-ақ венчурлік инвесторлардың қолдауына ие болды.

Зәкіржан Мәмет-Әлиевтің дербестендірілген және превентивті медицина орталығын құру туралы ұсынысы халыққа жоғары білікті оңалту қызметтерін ұсыну мақсатында зерделенетін болады.

Кәсіпкер Әсет Бегалиев жасыл желектерді қорғау және күту қызметтерін ұсынды. Бәсекелестік ортаны құру және осындай жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында жобаларды іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.

Қала тұрғындарының бірқатар мәселелері жұмысқа орналасуға және медициналық көмек көрсетуге қатысты болды. Сонымен қатар, Алатау ауданы Ұлжан шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша «Бюджетке қатысу» жобасы аясында спорт залын салу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары